ШЖҚ «ОБЛЫСТЫҚ СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ БАЛАЛАР ЕМХАНАСЫ» МКК

1980 жылы 1 қыркүйекте оьлыстық стоматологиялық емхана жанындағы балалар бөлімінде қалалық стоматологиялық емхана құрылған болатын. Осы аталған мекеме 1989 жылы облыстық стоматологиялық балалар емханасы болып өзгертілді.

Емхана Орал қаласының балаларына  стоматологиялық көмек көрсетіп қоймай, ауданнан келген балаларды да қамтиды.

Емханада балалардың тістерін  алғашқы тексеріс кабинеті, хирургия, терапия, ортодонтия кабинеттері бар. Мекеме дәрігерлері № 2, 4, 5, 6 қалалық емханаларында, Зашаған кентіндегі Көп бейінді облыстық балалар ауруханасында  қабылдау жүргізеді. Емхананың құрамына қаланың 8 мектебіндегі стоматологиялық кабинеттер де кіреді.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде емхана дәрігерлері балалардың ауыз қуысы ауруларының алдын алу және емдеумен айналысады. Ортодонтия кабинетінде тіс-жақ  жүйесіндегі ауытқушылықтарды түзейді және емдейді. Емхананың дәрігер-стоматологтарына келушілер саны жылдан-жылға өсіп келеді, егер 1982 жылы дәрігер-стоматологтардың қабылдауында 51209 бала болса, 2014 жылы кішкентай емделушілер саны -112167.

Облыста тісжегі ауруының таралуы-64%. Дәрігер-стоматологтар өз жұмыстарында стоматологиялық аурулардың алдын алу шараларына үлкен мән береді. Қала мектептерінің стоматологиялық кабинеттерінде оқушылардың ауыз қуысын жоспарлы сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дәрігер-стоматолог жаңа сыныппен жұмысқа кіріспестен бұрын, ауыз қуысы гигиенасына, тісті тазалауға және дұрыс тамақтану ережелеріне байланысты сабақ өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.Біздің аймағымыздың ауыз суында фтордың жеткілікті дәрежеде болмау салдарынан барлық балалардың тісі фторлакпен өңделеді. Тіс және ауыз қуысы дағдыларын қалыптастыру жұмыстары балабақшаларда жүргізіледі.

Алғашқы бас дәрігер болып, Жұмағалиев Рашид Берекетұлы тағайындалған болатын. 1989 жылдан 2014 жылға дейін емхананы  Роза Мұратқызы Камалиева басқарды. Көп жылғы жұмыс барысында емханада ұйымдасқан ұжым қалыптасты. Емхананың алғашқы күнінен бастап, Жеміс Насипкалиевна Сүндетова, Леонид Владимирович Панчук дәрігер-стоматологтар, Райхан Балмулдиновна Серикопова сияқты медбикелер қызмет жасайды. Бұл мамандардың алдынан мыңдаған-мыңдаған балалар өтті, олардың әрқайсысының сеніміне кіріп, денсаулығын сақтауға көмек беру қажет  болды. Еңбек ардагерлері жастармен өз тәжірибелері жөнінде пікір алмасып отырады. Кішкентай емделушілермен жұмыс жасау жөніндегі тәжірибені басқа клиникалардағы әріптестер де үйренген.

Көптеген жылдар бойы балалардың стоматологиялық қабылдауында тамаша мамандар: Мүгілсін Мухамбеткалиевна Кожамуратова, Айман Темирбулатовна Темирбулатова жұмыс жасайды. Тәжірибелі дәрігерлер өз шеберліктерін көтерумен үнемі айналысады, балалар ауыз ауыз қуысы ауруларын емдеуде жаңа технологияларды енгізіп отырады.

Стоматология- медицинаның қарқынды дамып келе жатқан саласы, ал облыстық стоматологиялық балалар емханасының дәрігерлері өз білімдерін көтере отырып, техникалық прогресс дамуынан қалмауға тырысады.


+7-701-528-94-49

+7-7112-30-30-88

Күнтізбе

Наурыз - 2024
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖК
  01 02 03
04 05 06 07 08 09 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31